CGF 2026: Мемлекеттік компанияларда корпоративтік басқаруды жетілдіру мәселелері

    1 / 5

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасыНұрмахан Әбілқасымұлы ӘділбековCGF 2026 форум аясында«Мемлекет кәсіби меншік иесі ретінде: әкімшілік бақылаудан тиімді Директорлар кеңесіне дейін» тақырыбындаекіншіпленарлық сессияға қатысты.

    Комитет төрағасы өз баяндамасында мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардағы корпоративтік басқаруды жетілдіру, тәуелсіз директорларды іріктеу және басқару органдарының кәсібилігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

    Атап айтқанда, тәуелсіз директорларды іріктеудің бірыңғай талаптары мен ашық рәсімдерікөзделгенҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы №87 бұйрығын іске асыруқарастырылды.

    Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі тәуелсіз директорларды іріктеу процесін цифрландыру болды.

    2026 жылдың мамыр айынан бастап«e-Qazyna»мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында«Keneste» цифрлық сервисіжұмыс істейді.

    Бүгінгі таңда сервисарқылы мемлекеттің қатысуымен36 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін 42 конкурс өткізілді.

    Сервисакционерлерге білікті мамандарды таңдау мүмкіндігін бере отырып, құжаттарды электронды беруге, конкурстық рәсімдердің ашықтығын және кандидаттардың тізілімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар,НұрмаханӘбілқасымұлыкорпоративтік басқаруды дамытудың үш негізгі бағытын атап өтті: басқару органдарының кәсібилігі мен тәуелсіздігін арттыру, олардың жауапкершілігін күшейту және корпоративтікпроцестерді одан әріцифрландыру.

    Сөз соңындаол мемлекет қатысатын ұйымдардың ұзақ мерзімді дамуы мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпқойлық,тәуелсіздік, ашықтық және дербес жауапкершілік қағидаттарына маңыздылығына тоқталды. Мемлекеттік қатысуы бар ұйымдардың ұзақнегізделгензаманауи корпоративтік басқару жүйесін қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" жаңалықтары