Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Рухани келісім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - еліміздегі әртүрлі ұлттар мен дәстүрлі діндердің арасындағы ауызбіршілік пен татулықтың, тыныштық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтың мерекесі.
Жеріміздегі бейбітшілік пен келісім – бұл қазақстандықтардың баға жетпес құндылығы. Ол Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін, діни конфессиялардың мүшелерін біріктіреді.
«Рухани келісім күні» бірлік пен мейірімділік, жақсылық пен өркендеу күніне айналсын. Осы жарқын мерекеде сіздерге бейбітшілік пен тыныштық, жақсылық, өзара түсіністік және рухани келісім тілейміз.









