Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді.
Өнеркәсіп және өндіріс
Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд теңге болатын жаңа металлургиялық кешен іске қосылды. Реконструкцияланған өндірістік алаңда айына 2-ден 3 мың тоннаға дейін қорғасын құрамды шикізатты қайта өңдеу жолға қойылған. Жоба Мемлекет басшысының шикізаттық бағыттан терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылды.
7,4 млрд теңге инвестиция: Ақмола облысында ірі металлургиялық кешен құрылуда
Инфрақұрылымды дамыту
Алматыда Наурызбай және Бостандық аудандарының 15 мыңға жуық тұрғынын сумен қамтамасыз ететін су құбыры алаңын реконструкциялау аяқталды. Жоба аясында жаңа екінші көтерілімдегі сорғы стансасы салынды, жалпы көлемі 2 мың м3 екі таза су резервуары реконструкцияланды, инженерлік желілер жаңартылды және заманауи автоматты бақылау жүйесі енгізілді. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су құбыры желісіндегі қысымды тұрақты ұстап тұруға, әсіресе су тұтыну көлемі артатын уақытта, сондай-ақ су берудегі іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.
https://www.gov.kz/org/almaty/press/news/details/1311501?lang=kk
Қостанай облысында республикалық маңызы бар Қостанай - Мамлютка автожолының 43 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны - 5,6 млрд теңге. Жолдың осы учаскесін жаңғырту қауіпсіздікті арттыруға, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуға және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етті.
https://kostanaytany.kz/qostanaj-mamlyutka-zholynyng-43-shaqyrymy-zhoendeldi/
Ақтөбе облысының Қарауылкелді ауылында реконструкциядан кейін теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің вокзалдарын кезең-кезеңімен жаңғырту шеңберінде орындалды. Жаңғырту аясында жалпы ауданы 207,73 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал ғимараты жаңартылып, 25 орындық күту залы жабдықталды. Сонымен қатар вокзал маңы абаттандырылып, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарына қатты жабын төселді, аумақ көгалдандырылды.
https://www.gov.kz/org/aktobe/press/news/details/1311931?lang=kk
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу
Қостанай облысында жоғары сапалы сүттің өзіндік өндірісін ұлғайту және импортқа тәуелділікті төмендету жөніндегі жұмыс шеңберінде құны 3,2 млрд теңге болатын заманауи тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. Қуаттылығы 400 бас малға арналған кәсіпорын жылына 4380 тоннаға дейін сүт өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында Германиядан сатып әкелінген голштейн асыл тұқымды мал басы тартылып, 30 тұрақты жұмыс орны ашылды.
https://kostanaytany.kz/qostanaj-awdanynda-32-milliard-tenggege-suet-fermasy-ashyldy/
Ақмола облысының Еңбек ауылында құны 8,1 млрд теңге болатын сүт-тауарлы фермасы іске қосылды. Кешеннің жобалық қуаты 900 бас сиырға есептелген, ал күтілетін жылдық сауын 4230 тонна сүтті құрайды. Кәсіпорын үшін жоғары технологиялық жабдықтар сатып алынды, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі биокешен орнатылды.
Энергетика
Қостанай облысында жалпы қуаты 100 МВт жел электр стансасы пайдалануға берілді. Жобаға салынған инвестиция көлемі 38,6 млрд теңгені құрады. Нысанда әрқайсысының қуаты 6,25 МВт болатын 16 жел генераторы орнатылған.
Екі станса жылына 380 млн кВт/сағ дейін электр энергиясын өндіре алады, бұл өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сенімді жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
https://kostanaytany.kz/qostanaj-oblysynda-eki-zhel-elektr-stanciyasy-iske-qosyldy/
Президенттің Жетісу облысының Панфилов ауданындағы халықты табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында бірден бес елді мекен газбен жабдықтауға қосылды. Атап айтқанда Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Сарпылдақ, Керімағаш ауылдарына жалпы ұзындығы 58 шақырым газ құбыры тартылды. Нәтижесінде 1,5 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.
https://www.gov.kz/org/zhetysu-oblysy/press/news/details/1312469?lang=kk
Экология және абаттандыру
Қостанайда Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауданы 43,8 га экопарк ашылды, аумақта футбол алаңы, воркаут аймағы, балалар ойын алаңы және ұзындығы 2 шақырым жүгіру жолы бар.
https://www.gov.kz/org/kostanay/press/news/details/1311600?lang=kk
#АӨК #Инфрақұрылымдық даму #Көлік #Экология #Энергетика #Құрылыс #Өнеркәсіп









