1 / 6
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан «Корпорация ERNUR» ЖШС-нің жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасымен танысты.
Аталған жоба ауданның өндірістік әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Жоба толық қуатына шыққан кезде жылына 200 млн дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. Өндірілген өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға өткізу көзделген. Кәсіпорын іске қосылғанда 75 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Аудан әкімі нысанды аралау барысында жобаның жүзеге асу барысымен танысып, өндірістік қуаттылықты арттырудың, инвестициялық бастамаларды қолдаудың және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай ірі инвестициялық жобалар аудан экономикасын әртараптандыруға, отандық азық-түлік өндірісін дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне серпін беруге ықпал етеді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі









