1 / 10
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Көктерек ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл тұрғындарының талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылады. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ аудан әкімі жұмыс сапары аясында округтегі бірқатар нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Нысандардың жағдайын зерделеу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер назарға алынды.
Аудан басшысы тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі









