1 / 10
17 қазан күні таңертең Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері әкімшілік ғимараттардың айналасын тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Полицейлер қоқыстарды жинап, ғимараттар маңын ретке келтіріп, жұмыс орындарының тазалығына көңіл бөлді.
СҚО ПД-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Полицейлер өз үлгісімен тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. «Заң мен тәртіп» қағидаты тек қауіпсіздікті ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды да қамтиды.
Жыл басынан бері өңірде полиция тазалық пен тәртіп ережелерін бұзудың 13 мыңнан астам дерегінің жолын кесті. Оның шамамен 5 мыңы Петропавл қаласында анықталды.









