1 / 4
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау ауылдық округінде орналасқан «Бәйдібек-ата» су қоймасының қазіргі жай-күйімен танысып, нысанның алдағы кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелерін назарға алды.
«Бәйдібек-ата» су қоймасы – өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалануға, егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба. Нысанның су жинау сыйымдылығы 68 млн текше метрді құрайды. Су қоймасының жалпы ауданы – 680 гектар, бөгетінің ұзындығы – 4,2 шақырым, ал су босату каналының ұзындығы 20 шақырымды құрайды.
Жоба толық іске асқан жағдайда Түркістан қаласы мен Ордабасы, Бәйдібек, Отырар және Сауран аудандарындағы 67 мың гектар егістік жерді кепілді ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, суармалы жер көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығының дамуына серпін беруге ықпал етеді.
Аудан басшысы аталған стратегиялық маңызы бар нысанның құрылыс барысын бақылауды және жұмыстардың сапалы орындалуын назарға алуды атап өтті.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі









