1 / 8
Бәйдібек ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Мыңбұлақ ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында Қайнар жалпы білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары, Бөген дәрігерлік амбулаториясының құрылысы, «Рахат» демалыс аймағы, А. Ералиев атындағы аллея және жаңадан пайдалануға берілген футбол алаңы назарға алынды.
Сондай-ақ Нұра ауылдық мәдениет үйінде жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысы зерделенді.
Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі мекеме басшыларымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, округтің өзекті мәселелері мен даму бағыттарын талқылады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі









