Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы — қоғам саулығы мен тұрақтылығының негізі. Бұл бағыттағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жұмыстары кәсіпкерлік субъектілерінің заңнама талаптарын, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзуының алдын алуға, анықтауға және жоюға бағытталған.
Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы2026 жылдың 9 айындаатқарылғанауқымды жұмыстардықорытындылады.
Мемлекеттік бақылау және тексеру нәтижелері
Есепті кезеңде Басқарма мамандары халықтың денсаулығын қорғау мақсатында бақылау мен қадағалаудың бірнеше бағыты бойынша жұмыс жүргізді:
ØКесте бойынша тексерулер:Рұқсат құжаттарға сәйкестікті тексеру кестесіне сай 5 тексеру жүргізілді. Нәтижесінде бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарымдар беріліп, 1 600 250 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды.
ØЖоспардан тыс тексерулер:Тоғыз ай ішінде 90 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды. Оның ішінде:
- 45 тексеру— жеке және заңды тұлғалардың дәлелді шағымдары мен жолданымдары негізінде;
- 24 тексеру— жедел ден қою шараларын қажет ететін бұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында;
- 12 тексеру— тергеп-тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктердің түзетілуін тексеру үшін;
- 9 тексеру— алдын ала берілген нұсқамаларды орындамаған немесе ақпаратты уақытылы ұсынбаған субъектілерге қатысты жүргізілді.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі:25 нысанда бұзушылықтар анықталып, 14 нұсқама берілді. Сотқа 10 материал жолданып, жалпы сомасы 6 228 000 теңгені құрайтын 17 әкімшілік айыппұл салынды.
Øтергеп-тексеру:Жалпы саны 105 нысанды қамтитын 105 тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 17 қаулысы қабылданып, 4 жедел ден қою шарасы қолданылды.Анықталған кемшіліктер үшін 38 нысанға 10 920 625 теңге сомасында айыппұл салынды.
Профилактикалық бақылау
Басқарма тек айыппұл салумен шектелмей, заң бұзушылықтардың салдарымен күресу және олардың алдын алу бағытында да белсенді жұмыс атқарды.
·Субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау:барлығы 21 нысан тексерілді. Қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған 21 ұйғарым беріліп, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шараларын қолдану туралы 11 қаулысы шығарылды;
·Субъектіге бармай профилактикалық бақылау:319жүргізілді. Оның аясында кемшіліктерді өздігінен түзетуге мүмкіндік беретін 280 ұсыным беріліп, 47 жедел ден қою шарасы іске асырылды.
Бақылау мақсатында сатып алу:«Тұтынушыларды, отандық нарықты және отандық өндірушілерді Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар мен өнімдерді әкелуден және өткізуден қорғау мемлекеттік бақылаудың негізгі басымдықтарының бірі. Өнімді өткізу сатысында тауар түріндегі өнімге мемлекеттік бақылау шеңберінде бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру үшін 685 000 теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толық көлемде (100%) игерілді, бұл ауданның негізгі сауда нүктелерін тексерумен қамтуға мүмкіндік берді.Мемлекеттік бақылау шеңберінде жергілікті сауда желісінде әртүрлі өнімдердің 159 үлгісі іріктеліп, зерттелді. Тексерілген үлгілердің жалпы санынан 45 сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді, бұл сатып алынған өнімнің жалпы көлемінің 28,3%-ын құрады. Тексеру нәтижелері бойынша жедел әрекет ету шараларын (ЖӘШ) дереуөнімді саудадан алып тастау/кері қайтарып алу туралы 17 Қаулы шығарылды.
Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен саламаттылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да ашық әрі сапалы түрде жалғастыра береді.








