Өзіңді және балаларыңызды жедел сал ауруынан қалай қорғауға болады.

    Жедел сал ауруы(ЖСА) –бұл бұлшықет күшінің кенеттен төмендеуі немесе жоғалуы (паралич немесе парез), сіңір рефлекстерінің әлсіреуі немесе мүлдем болмауы, сондай-ақ бұлшықеттердің босаңсуы (атония) сияқты белгілермен сипатталатын күрделі клиникалық синдром.

    Негізгі белгілері:

    ·Рефлекстердің болмауы немесе айтарлықтай әлсіреуі (мысалы, тізеге арнайы балғашықпен ұрған кездегі реакцияның болмауы не әлсіздігі).

    ·Бір немесе бірнеше аяқ-қолдағы бұлшықет тонусының күрт төмендеуі.

    ·Белсенді қозғалыстарды жасай алмау немесе оларды орындаудың айтарлықтай қиындауы.

    ·Қосымша белгілер: дене қызуының көтерілуі , бас ауруы, жалпы әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы, сондай-ақ тыныс алу немесе жұтыну функцияларының бұзылуы (егер бас сүйек жүйкелері немесе диафрагма зақымдалған болса).

    Таралу жолы: нәжіс-ауыз арқылы.

    ·Полиомиелитпен ауыратын адамның нәжісімен ластанған қолмен немесе заттармен ауызға тигізу.

    ·Полиомиелитпен ауратын адамның нәжісімен ластанған суды ішу немесе тағамды тұтыну.

    Полиомиелитке қатысты эпидемиологиялық қадағалау жүйесі мыналарды қамтиды:

    •Полиомиелит және жедел сал ауруы жағдайларын анықтау, тіркеу және есепке алу;

    •ЖСА-сы бар адамдардан алынған клиникалық үлгілерге вирусологиялық зертханалық талдау жүргізу;

    •Сал ауруы басталғаннан кейін 60 күн өткен соң пациенттің жағдайын бағалау (қалдық сал ауруының бар-жоғын анықтау мақсатында);

    •Жедел сал ауруы (ЖСА) жағдайларын жіктеу;

    •Полиомиелитке қарсы вакцинациямен қамту деңгейін бақылау;

    •Полиомиелитке қарсы иммунитетін бағалау;

    •Полиомиелитке қарсы вакциналарды енгізгеннен кейін жағымсыз реакцияларды бақылау;

    •Қоршаған ортадаполиовирустың айналымын бақылау;

    Жедел сал ауруы синдромымен қабаттасатын жұқпалы аурулардың этиологиялық құрылымы:

    1топ. ВИРУСТАР

    ·Полиовирустар 1,2,3 тип: «жабайы тип», вакцинамен байланысты сал ауруына әкелетін полиомиелит

    ·Энтеровирустар(ЕСНО, Коксаки)

    ·Герпесвирустар(ВПГ, ВЭБ, Varicella zoster)

    ·Тұмау вирусы

    ·Паротиттівирус

    2топ. БАКТЕРИЯЛАР

    ·Дифтерия таяқшасы

    ·Боррелиялар

    ·Шартты патогенді микроорганизмдер(стафилококк, грам-теріс және т.б.)

    ·Клостридиялар

    Аурудың алдын алу үшін мына ұсынысарды орындау қажет:

    ·Жұқпалы ауруларды уақтылы емдеңіз;

    ·Зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз (таза ауада көбірек болыңыз, дене жаттығуларымен айналысыңыз, дұрыс тамақтаныңыз және т.б.);

    ·Денсаулығыңыз нашарлаған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгініңіз;

    ·Қан қысымыңызды бақылауда ұстау.

    Құрметті ата-аналар, есте сақтаңыздар!

    Белгіленген кестеге және бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілетін полиомиелитке қарсы вакцинация балаңызды, сондай-ақ айналаңыздағы адамдарды осы бір ауыр әрі қауіпті дерттен – полиомиелиттен қорғауға көмектеседі!

    Балаңызға екпе жасату арқылы сіз оны жұқпалы аурулардан қорғайсыз. Ал екпеден бас тарту арқылы балаңыздың денсаулығы мен өмірін қауіпке тігесіз.

    Алматы қаласы Әуезов ауданының

    СЭББэпидеииологиялық

    бақылау бөлімінің бас маманы

    Аздекова Рыскүл Жұманқызы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары