1 / 5
Тұрғындармен диалог – нақты іске бастар жол
13 қазанда Әуезов ауданы әкімінің жеке қабылдауында тұрғындар құрылысы аяқталмаған нысанның мәртебесін анықтау және қоқыс алаңын орналастыру үшін жер бөлу мәселелерін көтерді.
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, 14 қазанда аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен аталған мекенжайға жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Жұмыс сапарына Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының, Сәулет және қала құрылысы басқармасының, сондай-ақ Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жауапты мамандар көтерілген мәселелерді орнында зерделеп, олардың шешу жолдарын бірлесіп талқылады.









