Қолжетімді орта — баршаға ортақ мүмкіндік

    1 / 2

    Қолжетімді орта — баршаға ортақ мүмкіндік

    Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің талаптарына сәйкес жаңадан салынған немесе күрделі жөндеуден өткен нысандардың қолжетімділігі бойынша сәйкестік декларациясын қарау мәселесі Департаменттің құзыретіне берілген.

    Осыған байланысты Жезқазған қаласы, Қаражар көшесі, 8 мекенжайында орналасқан вокзал ғимаратында күрделі жөндеуден кейін мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтар үшін жасалған қолжетімділік жағдайлары қаралды.

    Нысанды қарау барысында пандустардың, лифтілердің қолжетімділігі, есіктердің нормативтік талаптарға сәйкестігі, арнайы санитарлық бөлмелердің қолжетімділігі, сондай-ақ тактильді төсемдер мен мнемосхемалардың болуы назарға алынды.

    Қолжетімді орта— мүгедектігі бар адамдардың, қарт азаматтардың және қозғалысы шектеулі өзге де адамдардың ғимараттар мен қоғамдық нысандарға кедергісіз кіріп-шығуына және оларды еркін пайдалануына мүмкіндік беретін жағдайлар жиынтығы.

    Заманауи ғимараттар адамның жасына, денсаулық жағдайына және қозғалу ерекшеліктеріне қарамастан, баршаға қолайлы әрі қауіпсіз болуы тиіс.

    Осы бағыттағы жұмыстар туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Құралай Айдархан түсіндірді.

    \#ҚолжетімдіОрта #Инклюзия #ҰлытауОблысы #ӘлеуметтікҚорғау

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары