1 / 5
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Аса ауылындағы «Балдырған» балабақшасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілерге өрттің алдын алу, өрт кезіндегі дұрыс әрекет ету және балаларды қауіпсіз эвакуациялау тәртібі түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты — өрт қауіпсіздігі бойынша білімді арттырып, төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.









