Ұлытау облысындағы медициналық-әлеуметтік сараптама: 9 айдың қорытындысы

    1 / 3

    Ұлытау облысындағы медициналық-әлеуметтік сараптама:9 айдың қорытындысы

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлытау облысында 11 109 мүгедектігі бар адам тұрады. Бұл облыс халқының 5,1 пайызын құрайды.

    Олардың 9 977-сі — ересектер, ал 1 132-сі — балалар.

    2026 жылдың алғашқы тоғыз айында медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары 2 630 мемлекеттік қызмет көрсетті. Осы кезеңде 437 адамға алғаш рет мүгедектік белгіленді. Олардың 131-і — балалар.

    Ересектер арасында мүгедектіктің негізгі себептері — қан айналымы жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер және кәсіптік аурулар.

    Ал балалар арасында психикалық бұзылыстар, соның ішінде ақыл-ой дамуының бұзылыстары мен аутизм, туа біткен даму ақаулары және жүйке жүйесінің аурулары жиі кездеседі.

    Басты міндеттердің бірі — медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуді азаматтар үшін барынша қолайлы әрі қолжетімді ету.

    Осы мақсатта сараптамадан қашықтан өту мүмкіндігі кеңейтілуде. 952 адамға сараптама қашықтан жүргізілді. Бұл азаматтардың, әсіресе денсаулығына байланысты қозғалысы шектеулі адамдардың, мекемеге жеке бармай-ақ мемлекеттік қызмет алуына мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар медициналық құжаттардың сапасын арттыруға және сараптамаға жолдаудың негізді болуына ерекше көңіл бөлінеді.

    Тоғыз айдың қорытындысы бойынша азаматтарды сараптамаға негізсіз жолдаудың 37 жағдайы анықталды. Осы фактілер бойынша Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасына хабарламалар жолданды. Оның 12-сі бойынша жауаптар алынып, тиісті шаралар қабылданды.

    Бұдан бөлек, Департамент мамандары медициналық ұйымдармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлерге сараптамаға жолдау тәртібі мен медициналық құжаттарды дұрыс рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес береді.

    Біздің басты мақсатымыз — сараптаманың әділ әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру және көмекке мұқтаж азаматтардың қажетті қолдауды уақытылы алуына жағдай жасау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары