Инфекциялық бақылау бойынша мамандар даярлануда

    Инфекциялық бақылау бойынша мамандар даярлануда
    Жамбыл облысында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылауды күшейту бағытында медицина мамандарының біліктілігін арттыру курсы өтуде.
    Жамбыл облыстық онкология және хирургия орталығында ұйымдастырылған оқытуға перинаталдық орталық пен Мойынқұм аудандық орталығының басшылық құрам өкілдері, бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері, госпитальдық эпидемиологтар және инфекциялық бақылау медбикелері қатысуда.
    Курсты Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің маманы Эльвира Ибрагимова жүргізуде. Оқу барысында аурухана деңгейіндегі инфекциялық бақылаудың негізгі компоненттері, қан ағымы мен зәр шығару жолдары инфекцияларының, операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу, госпитальдық штамдарды анықтау, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар және инфекциялық бақылау құжаттамасын жүргізу мәселелері қамтылуда.
    Нәтижесінде 31 маман арнайы оқудан өтіп, сертификат алады. Алдағы уақытта олар әріптестеріне инфекциялық бақылау талаптарын енгізу бойынша практикалық көмек көрсетіп, тәжірибесімен бөлісетін жаттықтырушы мамандар ретінде жұмыс жүргізетін болады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары