Құқықтық мәдениет пен қауіпсіздік дағдыларын бала бойына жастайынан сіңіру – саналы ұрпақ тәрбиелеудің маңызды шарттарының бірі. Осы мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері №264 мектептің 3-сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға буллингтің алдын алу, ұрлыққа жол бермеу және жол-көлік оқиғаларынан сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді. Полиция қызметкерлері балаларға өзара сыйластық пен ізеттіліктің маңызын түсіндіріп, өзгелердің құқықтарын құрметтеу, өзгенің мүлкіне қол сұқпау және қандай жағдайда да заң талаптарын сақтау қажеттігін жеткізді.
Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Оқушыларға көшеде және жол бойында абай болу, жолды белгіленген орындардан кесіп өту, бағдаршамның белгілеріне бағыну керектігі ескертілді. Өйткені қарапайым қауіпсіздік қағидаларын білу мен оларды күнделікті өмірде ұстану – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.
Жас ұрпаққа заң талаптарын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін үйрету және құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет.
Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақтың кепілі. Ал тәртіп пен жауапкершілікке негізделген тәрбие – сол болашаққа бастар сенімді жол.
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
1 / 2
Ұқсас материалдар

«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Тұрғындармен диалог – нақты іске бастар жол
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
«Адал Азамат – белсенді қоғам» орталықтары өңірлерде жұмысын жалғастырып жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
Өзіңді және балаларыңызды жедел сал ауруынан қалай қорғауға болады.
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЕРСАЙ портындағы заманауи контейнерлік терминалдың құрылыс барысымен танысты
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды
Қызылорда облысының Полиция департаментіАшу
Қызылорда облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Қызылорда облысының Полиция департаментіАшу
Қызылордада қоғамдық орында тазалық талаптарын бұзған тұрғын жауапкершілікке тартылды
Қызылорда облысының Полиция департаментіАшуҚызылордада болашақ заңгерлерге арналған Ашық есік күні өтті
Қызылорда облысының Полиция департаментіАшу
Кәсіби даярлық – қызмет сапасының негізі
Қызылорда облысының Полиция департаментіАшу