Қауіпсіздік әр үйден басталады!

    1 / 6

    Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізді. Тұрғындарға тұрмыста және жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

    Балалар мен қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Мамандар жылыту құрылғылары мен электр сымдарының жарамдылығын тексеріп, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

    Қауіпсіздік ережелерін сақтау - өмір мен денсаулықты қорғаудың кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары