Жуалыда жылыту маусымына дайындық бойынша рейд өтті

    1 / 3

    Жамбыл облысы Жуалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлерін аралап, профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға өрттің және улы газдан уланудың алдын алу шаралары түсіндіріліп, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану жөнінде ескертулер берілді.

    Мамандар пеш мұржаларын уақтылы тазалаудың, газ жабдықтарының жарамдылығын тексерудің және қолдан жасалған жылытқыштарды пайдаланбаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар үйге улы газды анықтайтын датчик орнату ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары