1 / 3
Жамбыл облысы Жуалы ауданының Б. Момышұлы ауылындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде «Құтқарушылардың бір күні» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында қатысушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, өрт сөндіру техникасы мен арнайы құрал-жабдықтарды көрді.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етудің маңыздылығы түсіндірілді.









