Жылыту маусымындағы қауіпсіздік басты назарда

    1 / 4

    Жамбыл облысы Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Шу газ шаруашылығы мамандарымен бірлесіп, жылыту маусымына дайындық аясында аудан тұрғындары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту пештері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, көміртек тотығынан улану мен өрттің алдын алу, мұржаларды уақтылы тазалау және газ жабдықтарының техникалық жағдайын тексеру қажеттігі түсіндірілді.

    Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өз өмірі мен жақындарының амандығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары