Талас ауданында балықшыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    1 / 2

    Балық аулау маусымына байланысты Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында балық аулау құралдарын сататын дүкендерде және аудан тұрғындары арасында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Мамандар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін балықшыларға ауа райын алдын ала тексеру, су айдындарында сақтық шараларын сақтау және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі ескертілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары