МҮГЕДЕКТІК ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЙТА КУӘЛАНДЫРУ МЕРЗІМІНСІЗ БЕЛГІЛЕНЕДІ?

    МҮГЕДЕКТІК ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ҚАЙТА КУӘЛАНДЫРУ МЕРЗІМІНСІЗ БЕЛГІЛЕНЕДІ?

    Қазақстанда белгілі бір жағдайларда мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін. Бұл адамның мүгедектік тобын растау үшін белгілі бір уақыт өткен сайын медициналық-әлеуметтік сараптамадан қайта өтуі талап етілмейтінін білдіреді.

    18 жастан асқан адамдарға мүгедектік мынадай негіздер бойынша қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

    1️⃣ Қайтымсыз аурулар мен ақаулар болған жағдайда

    Егер адамда қайтымсыз аурулар мен ақаулардың белгіленген тізбесіне енгізілген ауру немесе ақау болса, мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

    2️⃣ Ағза функцияларының тұрақты және қайтымсыз бұзылулары болған жағдайда

    Мұндай шешім емдеу және оңалту шаралары қажетті нәтиже бермеген, ағза функцияларының бұзылулары тұрақты әрі қайтымсыз болған және мүгедектік тобы белгіленген бақылау кезеңі ішінде өзгермеген жағдайда қабылдануы мүмкін.

    Қажетті бақылау кезеңінің ұзақтығы:

    * I топ — кемінде 4 жыл;
    * II топ — кемінде 5 жыл;
    * III топ — кемінде 6 жыл.

    Бұл ретте қажетті емдеу және оңалту шаралары толық көлемде жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда операциялық емдеу және/немесе ағзаларды трансплантаттау шаралары да ескеріледі.

    ⚠️ Бұл негіз мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар мен ақауларға қолданылмайды.

    3️⃣ Зейнеткерлік жастағы адамдарға

    Зейнеткерлік жастағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған жағдайда мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі мүмкін.

    📌 Маңызды ақпарат!

    Мүгедектіктің қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленуі тек диагноздың болуына немесе зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты автоматты түрде жүзеге асырылмайды.

    Шешім қабылдау кезінде аурудың немесе ақаудың сипаты, ағза функциялары бұзылуларының тұрақтылығы мен қайтымсыздығы, жүргізілген емдеу және оңалту шараларының нәтижелері, мүгедектік тобының тұрақтылығы және оңалту болжамы ескеріледі.

    Шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелері бойынша қабылданады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары