Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті

    Жалпы ақпарат

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласында мемлекеттік бақылауды және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Департаменттің міндеті зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оңалту емін алу қолжетімділігі мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел.

    2026 жылғы 23 қыркүйекте әдістеме және бақылау бөлімінің басшысы Қ.Ж. Аймурзинова «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың оңалту емін алу қолжетімділігі мен тәртібі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға оңалту емінің қолжетімділігі, оңалту қызметтерін алу кезінде туындайтын өзекті мәселелер және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.

    23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Есіл ауданында «Ашық есік күні» өтті

    Есіл ауданында «Ашық есік күні» өтті 2026 жылғы 16 қыркүйекте Есіл ауданында Ақмола облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің өкілінің қатысуымен «Ашық есік күні» форматында халықпен кездесу өтті. Іс-шара барысында Департамент маманы А.Сатубалдинова зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың зейнетақы құқықтарын қалыптастыру мәселелеріне, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы және толық төлеудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мен толықтығы болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне әсер ететін маңызды факторлар болып табылатыны атап өтілді. Кездесуге қатысушыларға қолданыстағы зейнетақы жүйесі, зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртібі және өздерінің зейнетақы құқықтарының жай-күйіне алдын ала бақылау жасау қажеттігі туралы ақпарат берілді. Іс-шара соңында азаматтарға сұрақтарына жауаптар беріліп, тиісті түсініктемелер берілді.

    16 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен әңгімелесу өткізілді

    Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметшілермен әңгімелесу өткізілді Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және кәсіби әдептің жоғары стандарттарын қалыптастыру мақсатында әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілермен ақпараттық-түсіндіру әңгімесін өткізді. Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау саласындағы заңнамасының негізгі талаптарына ерекше назар аударылды. Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген негізгі талаптар мен шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, оның ішінде адалдық, объективтілік, әділдік қағидаттарын ұстануына, азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарауына, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға бағытталған мінез-құлық стандарттарын сақтауына қатысты мәселелер қаралды. Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға мемлекеттік қызметті атқарудың алғашқы күндерінен бастап заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, лауазымдық міндеттерін жауапкершілікпен орындау және мемлекеттік қызметшіге қойылатын жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар мен түсіндірмелер берілді.

    26 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Департамент басшысының міндетін атқарушы облыс әкімінің орынбасары А. Амренованың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңесіне қатысты.

    Медициналық-әлеуметтік сараптамаға азаматтарды сапасыз жолдау жағдайларының алдын алу, жол бермеу және оларды азайту мақсатында 2026 жылғы 20 тамызда Департамент басшысының міндетін атқарушы облыс әкімінің орынбасары А. Амренованың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің кеңесіне қатысты. Кеңеске денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және емдеу-профилактикалық ұйымдардың басшылары қатысты. Кеңес барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаудың сапасы мен негізділігі бойынша медициналық ұйымдардың қызметіне баға берілді. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелеріне, оның ішінде куәландырудан және қайта куәландырудан уақтылы өтуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық-әлеуметтік сараптама органдарымен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау сапасын арттыруға, олардың құқықтарын сақтауға, сондай-ақ куәландырудан және қайта куәландырудан өту мерзімдерінің негізсіз созылуына жол бермеуге бағытталған тиісті шаралар айқындалды.

    24 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Департамент басшысының м.а. Искакова Г. облыс әкімдігі жанындағы әлеуметтік қорғау органдарымен өткізілген кеңеске қатысты.

    Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау шеңберінде Департамент басшысының м.а. Искакова Г. облыс әкімдігі жанындағы әлеуметтік қорғау органдарымен өткізілген кеңеске қатысты. Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен уақтылы қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға Қолжетімділік картасында көрсетілген қолжетімді объектілер туралы ақпарат беру мәселесіне ерекше назар аударылды.

    20 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2026 жылдың 2 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Бауыржанқызы Ысқақова Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерімен кеңес өткізді.

    2026 жылдың 2 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары Гүлмира Бауыржанқызы Ысқақова Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, сондай-ақ аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру, сондай-ақ оңалту мен қызмет көрсетуді техникалық құралдармен қамтамасыз ету бөлігінде абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламаларының іс-шараларын орындау мәселелері қаралды. Кездесу барысында аталған іс-шараларды іске асыру тәртібі, белгіленген мерзімдер мен талаптардың сақталуы, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

    2 сәуір 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қозғалысы шектеулі халық топтары үшін объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісу (13-тармақ)

    Жауап

    Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Құрылыс кодексінің ережелеріне сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Сәйкестік туралы декларацияны келісу жөніндегі өкілеттіктер берілді. Сәйкестік туралы декларация - құрылысы аяқталған объектінің заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын ресми құжат. Бұл құжат объектінің қауіпсіз пайдалануға дайын екенін куәландырады және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарын қоса алғанда, міндетті талаптардың орындалғанын растайды. Сәйкестік туралы декларацияны келісу тәртібі 1) Өтініш беру Өтініш қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы немесе Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне тікелей беріледі. Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А. Пушкин көшесі, 23-үй, 209-кабинет. 2) Өтінішті қарау Мамандар ұсынылған өтініш пен құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қарайды. 3) Мамандардың объектіге баруы Өтінішті қарау шеңберінде мамандар объектінің нақты жай-күйін тексеру және оның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін бағалау мақсатында объектіге барады. 4) Объектіні тексеру Объектіге бару барысында оның қолжетімділік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 154-бабында, ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі», ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер», сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы нормативтік құжаттарында белгіленеді. Тексеру барысында, оның ішінде: -объектіге іргелес аумақ пен объектіге дейінгі кіреберіс жолдардың қолжетімділігі; -кіреберіс тобы; -пандустардың, тұтқалардың және қолжетімділіктің өзге де элементтерінің болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі; -объектінің ішіндегі қозғалыс жолдарының қолжетімділігі; -есік ойықтары, өткелдер және маневр жасау аймақтары; -баспалдақтар, лифтілер, көтергіш платформалар және басқа да тік қозғалу -құралдары (болған жағдайда немесе қажет болған кезде); -санитариялық үй-жайлардың қолжетімділігі; -ақпараттық, визуалды және тактильді навигация құралдарының болуы; -халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді қауіпсіз әрі өз бетінше алу мүмкіндігі тексеріледі. 5) Тексеру нәтижесі Объектіні тексеру нәтижелері бойынша объектінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды шығарылады. 6) Өтінішті қарау нәтижесі Объект белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Сәйкестік туралы декларация келісіледі. Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сәйкессіздіктер көрсетіле отырып, уәжді бас тарту беріледі. Декларацияны ұсынбас бұрын объектінің қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігін өз бетінше тексеру және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады. Қажет болған жағдайда жобалық шешімдерді жобалау ұйымымен алдын ала келісу ұсынылады. Бұл ретте ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» және ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» талаптарын ескеру қажет.

    ·
    Сұрақ

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) көрсетуге лицензия алу үшін не қажет?

    Жауап

    Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беріледі. Лицензия алу үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келу және қызметтерді көрсету үшін тиісті жағдайлардың болуы қажет. Негізгі талаптар Ғимарат немесе үй-жай Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жарамды ғимараттың немесе үй-жайдың меншік құқығында не жалдау шарты негізінде болуы қажет. Үй-жайдың болуы жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркелгені туралы мәліметтермен не жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінен алынған ғимаратты (үй-жайды) жалдау шартымен расталады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестік Объектінің заңнама талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы қажет. Өрт қауіпсіздігі Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы қажет. Қолданыстағы объектілер бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген тексеру не профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі немесе аудит ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету Объект мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс, оның ішінде: -кіреберіс топтарына; -қозғалыс жолдарына; -қызмет көрсету аймақтарына; -санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға; -ақпарат және телекоммуникация құралдарына; -мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындарына қолжетімділік қамтамасыз етілуі қажет. Тамақтану объектісі Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұруы ұйымдастырылған немесе қызмет алушылар объектіде 4 сағаттан астам болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық және өзге де талаптарға сәйкес тамақтану объектісінің болуы қажет. Материалдық-техникалық база Көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базаның болуы қажет: -әлеуметтік-тұрмыстық; -әлеуметтік-медициналық; -әлеуметтік-педагогикалық; -әлеуметтік-еңбек; -әлеуметтік-мәдени; -әлеуметтік-психологиялық қызметтер. Материалдық-техникалық база арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қызметкерлер штаты Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі қағидаларында белгіленген штаттық нормативтерге сәйкес қызметкерлер штатының болуы қажет. Қызметкерлер атқаратын лауазымдарға қойылатын талаптарға сәйкес тиісті білімі мен біліктілігіне ие болуы тиіс. Жатын бөлмелер Қызмет алушылардың тұруын көздейтін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің белгіленген стандарттарына сәйкес келетін жатын бөлмелердің болуы қажет. Өтінішті қарау және талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия субъектілерге 3 жыл мерзімге беріледі. Назар аударыңыз! Талаптардың нақты тізбесі ұйымның түріне, арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету нысанына және қызмет алушылардың санатына байланысты болады. Қолданыстағы талаптарды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің қолданыстағы редакцияларын ескере отырып тексеру қажет.

    ·
    Сұрақ

    Денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда МӘС-тен қайта өтуге бола ма?

    Жауап

    Иә. Қағидаларда көзделген жағдайларда, оның ішінде тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне әсер ететін денсаулық жағдайы өзгерген кезде, мерзімінен бұрын қайта куәландырудан өтуге болады.

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектік әрқашан өмір бойына белгілене ме?

    Жауап

    Жоқ. Мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленуі мүмкін. Мерзімі организм функциялары бұзылыстарының сипаты мен дәрежесіне, аурудың болжамына және заңнамада көзделген басқа да өлшемшарттарға байланысты айқындалады. Заңнамада белгіленген жағдайларда мүгедектік мерзімсіз белгіленуі мүмкін.

    ·
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қызметінің көрсеткіштері

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру 1.1. Халық саны 309 324 1.2. Төлем алушылар Санаттар: - зейнеткерлер – 120 997 - мүгедектік бойынша жәрдемақы – 20 313 - асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар – 7 510 - N 1,2 тізім – 3 - арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 8 464 - экологиялық жәрдемақы – 0 - 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы – 3 888 - 18 жасқа дейінгі мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы – 3 733 - 1-топтағы мүгедекке күтім жасау жәрдемақысы – 3 001 - көп балалы аналар – 5 904 - көп балалы отбасылар – 12 912 1.3.Қаралған істер Жалпы саны: 47232(1 %-ға аз); Жаңа тағайындаулар: 24277(3%-ға аз) Қайта қараулар: 22955 (2,6%-ға жоғары) Бас тарту: 35 (5%-ға жоғары) өткен жылмен салыстырғанда Күнделікте бөліммен орташа 350 іс макеті қарастырылады

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Мүгедек адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша

    Облыс бойынша қолжетімділік картасындағы объектілердің жалпы саны1797; қолжетімді1339; оның ішінде: - тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған1354; - креслоларда қозғалатын адамдар үшін-арбаларда1344; - есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған1423; - көру қабілеті бұзылған адамдар үшін1356; ішінара қолжетімді- 436; оның ішінде: - тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған428; - кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін452; - есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған339; - көру қабілеті бұзылған адамдар үшін435; қолжетімді емес- 7; оның ішінде: - тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға арналған0; - кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін0; - есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған7; - көру қабілеті бұзылған адамдар үшін0; Ұйымдар бөлінісінде қолжетімді объектілер: - денсаулық сақтау объектілері –206; - білім беру объектілері –475; - мәдениет объектілері –118; - сауда және қызмет көрсету объектілері –208; - мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар –246; - өзгелері –86.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘҚ субъектілерін лицензиялауға қатысты қызметінің көрсеткіштері

    Арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі - АӘҚ) көрсету сапасын арттыру үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы 1 тамызға республикада АӘҚ көрсететін 44 ұйым. Оның ішінде 44 ұйым лицензия алды (барлығы 4878 көрсетілетін қызметті алушы), оның ішінде 29 КММ және 15 ҮЕҰ. Оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша: - жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-8 ұйым (144 адам); - стационар жағдайында АӘҚ көрсететін-10 ұйым (1430 адам); - уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін-6 ұйым - (150 адам); - үй жағдайында АӘҚ көрсететін-20 ұйым (3164 адам).

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Мүгедектігі бар адамдарды оңалту мен оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылған әлеуметтік бөлігі үлесінің мониторингі» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша

    Техникалық оңалту құралдарына мұқтаждардың жалпы саны және әлеуметтік қызметтер көрсету 14 512 оның ішінде түрлері бойынша: -протездік–ортопедиялық көмек: 1570; - сурдологиялық көмек: 281; - тифлотехникалық құралдар: 649; - кресло- арбалар: 512; - санаторийлік–курорттық емдеу: 3831; -жеке көмекшінің қызметтері: 89; - ымдау тілі қызметтері: 245; - қамтамасыз ету міндетті гигиеналық құралдармен: 7335; Техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілгендердің жалпы саны және әлеуметтік қызметтер көрсету 11 008 оның ішінде түрлері бойынша: -протездік–ортопедиялық көмек: 1040; - сурдологиялық көмек: 227; - тифлотехникалық құралдар: 481; - кресло-арбалар: 442; - санаторийлік–курорттық емдеу: 1872; -жеке көмекшінің қызметтері: 88; - ымдау тілі қызметтері: 238; - қамтамасыз ету міндетті гигиеналық құралдармен: 6620.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің «Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру» бағыты бойынша қызметінің көрсеткіштері 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша

    Тексерулердің жалпы саны23; Профилактикалық бақылау21; Жоспардан тыс тексерулер2; Прокуратура органдарының талабы бойынша0; Анықталған бұзушылықтардың жалпы саны62; Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында62; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты5; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты57; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында ; оның ішінде: -жергілікті атқарушы органдардың/олар уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөнінде0; - стационар, жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша0; - үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін ұсынатын субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша0; - бірлескен бұйрыққа уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемін көрсететін субъектілердің (ұйымдардың) қызметіне қатысты арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы0; Берілген ұйғарымдардың жалпы саны20; оның ішінде: Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында20; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты2; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты 18; Айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау саласында1; оның ішінде: - меншік нысанына қарамастан, мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін субъектілерге (ұйымдарға) қатысты1; - мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындауды жүзеге асыратын субъектілерге (ұйымдарға) қатысты0.

    Жарияланды:
    Қорытынды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша қызмет 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша көрсеткіштері

    Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері Куәландырылған адамдардың жалпы саны: 6029(өткен жылдың ұқсас кезеңінде: 5724) Алғаш рет куәландырылғандар: 1450— жалпы санының үлесі: 24,0 % Мүгедектігі бар адам деп танылғандар: 1388— танылғандардың үлесі: 23,0 % Интенсивті көрсеткіш: 10 мың халыққа шаққанда 17,4 Алғаш рет мүгедектігі танылғандардың жас құрылымы — еңбекке қабілетті жастағы адамдар: 736 (53,0 %)— зейнеткерлік жастағы адамдар: 321 (23,1 %)— балалар: 343 (24,7 %) Біріншілік және қайталама мүгедектік Алғаш рет мүгедектігі танылғандар: 1388 Қайта куәландырылғандар: 4059(өткен жылдың ұқсас кезеңінде: 1354 / 3802) Біріншілік мүгедектіктің құрылымы 4.1 Ересек тұрғындар Жалпы саны: 1057 Нозологиялық нысандардың ТОП-5: Қатерлі ісіктер: 318 (30,1%) Қанайналым жүйесінің аурулары: 275 (26,0%) Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары: 86 (8,1%) Психикалық бұзылыстар: 81 (7,7%) Барлық орналасудағы жарақаттар: 77 (7,3%) Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру: 1028 4.2 Балалар Жалпы саны: 343 Нозологиялық нысандардың ТОП-5: Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары: 200 (58,3%) Туа біткен даму ақаулары: 50 (14,6%) Эндокриндік аурулар: 24 (7,0%) Жүйке жүйесінің аурулары: 17 (4,9%) Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары: 13 (3,8%) Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру: 344 Оңалтудың көрсеткіштері Толық оңалту: 5,9 %(өткен жылы: 8,0 %) Ішінара оңалту: 14,2 %(өткен жылы: 16,1 %) Жағдайының ауырлауы: 5,9 %(өткен жылы: 6,5 %) Сырттай куәландыру Сырттай куәландыру саны: 2819 Жалпы куәландырылғандар санының үлесі: 46,8 %

    Жарияланды: