Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім функцияларының тізбесі
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары аймақ |
Функция |
Сыбайлас жемқорлық факторлары (үлгілік жағдайлар) |
1 |
Мемлекеттік бақылау, қадағалау |
Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және бекіту |
Бақылау объектілерінің тізбесіне субъектілерді негізсіз енгізу немесе енгізбеу, жекелеген субъектілерге негізсіз артықшылықтар беру мүмкіндігі |
2 |
Бақылау іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру |
Бақылау іс-шараларын өткізу кезектілігін объективті емес айқындау, жекелеген бақылау субъектілеріне басымдық беру мүмкіндігі | |
3 |
Заңнамада көзделген жағдайларда бақылау субъектісіне бару арқылы тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізу |
Бақылау іс-шараларын объективті емес жүргізу, тексерілетін субъектінің қызметіне негізсіз кедергілер жасау мүмкіндігі | |
4 |
Заңнама талаптарының бұзылуын анықтау, тіркеу және құжаттау |
Анықталған бұзушылықтарды жасыру, олардың мазмұнын негізсіз өзгерту немесе бұзушылық фактілері бойынша шаралар қабылдамау мүмкіндігі | |
5 |
Бақылау іс-шараларының нәтижелерін ресімдеу және құзырет шегінде шаралар қабылдау |
Бақылау нәтижелерін бұрмалау, заңнамада көзделген шараларды негізсіз қабылдамау не негізсіз талаптар қою мүмкіндігі | |
6 |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау |
Хаттамада қателер жіберу арқылы жауаптылықтан жалтаруға мүмкіндік жасау | |
7 |
Әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысу |
Бастапқы ұстанымнан бас тарту мүмкіндігі | |
8 |
Әкімшілік жазаны орындау жөнінде шаралар қабылдау |
Әрекетсіздік таныту және жазаны орындау бойынша шаралар қабылдамау мүмкіндігі | |
9 |
Сәйкестік туралы декларацияға қол қою |
Сәйкестік туралы декларацияға қол қою үшін ұсынылған материалдар мен құжаттарды қарау |
Ұсынылған құжаттарды объективті емес бағалау, жекелеген өтініш берушілерге артықшылықтар беру мүмкіндігі |
10 |
Бөлімнің өкілеттігі шегінде объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау |
Объектіні белгіленген талаптарға сәйкес немесе сәйкес емес деп негізсіз тану мүмкіндігі | |
11 |
Заңды негіздер болған кезде сәйкестік туралы декларацияға қол қою немесе оған қол қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдау |
Жеке мүдделілік ықпалымен шешім қабылдау, құжаттарды қарауды негізсіз созу немесе негізсіз бас тарту мүмкіндігі |
Медициналық-әлеуметтік сараптаманың бастапқы бөлімдерінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім функцияларының тізбесі
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары аймақ |
Функция |
Сыбайлас жемқорлық факторлары (үлгілік жағдайлар) |
1 |
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу |
МӘС жүргізу үшін келіп түскен құжаттарды қабылдау, тіркеу және тексеру |
Құжаттарды қабылдаудан негізсіз бас тарту |
2 |
Мүгедектікті белгілеу |
Ағза функцияларының тұрақты бұзылуын және тіршілік әрекетінің шектелуін кешенді бағалау |
Тексеру нәтижелерін субъективті бағалау; жеке мүдделілік ықпалымен шешім қабылдау; белгіленген өлшемшарттардан ауытқу мүмкіндігі |
3 |
Сараптама нәтижелері негізінде мүгедектік тобын айқындау |
Мүгедектіктің неғұрлым жоғары немесе төмен тобын негізсіз белгілеу; жекелеген адамдардың мүддесі үшін шешім қабылдау; ұқсас жағдайларда азаматтарға әртүрлі тәсіл қолдану мүмкіндігі | |
4 |
Мүгедектік мерзімін айқындау |
Мүгедектік мерзімін және қайта куәландыру қажеттілігін белгілеу |
Мүгедектік мерзімін негізсіз қысқарту немесе ұзарту; жеткілікті негізсіз ерекшеліктерді қолдану; белгіленген өлшемшарттарды айналып өтіп шешім қабылдау мүмкіндігі |
5 |
Оңалтудың және абилитацияның жеке бағдарламасын әзірлеу |
Қажетті оңалту іс-шараларының түрлерін, көлемін және мерзімдерін айқындау |
Негізсіз ұсынымдарды енгізу; жекелеген алушыларға артықшылықтар беру мүмкіндігі |
6 |
Мүгедектіктің себептерін айқындау |
Мүгедектіктің себебін белгілеу |
Мүгедектіктің себебін негізсіз өзгерту; ұсынылған құжаттарды толық есепке алмау мүмкіндігі |
7 |
Медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл |
Дәрігерлік-консультациялық комиссиялардан келіп түскен жолдамалар мен материалдарды қарау |
Жекелеген медициналық ұйымдарға артықшылықтар беру; қалаған нәтижені бейресми келісу; құжаттамада анықталған кемшіліктерді жасыру мүмкіндігі |
8 |
Азаматтармен өзара іс-қимыл |
МӘС-тен өту, қабылданған шешімдер және оларға шағымдану тәртібі бойынша түсініктемелер беру |
Толық емес немесе дәйексіз ақпарат беру; азаматтарды жаңылыстыру мүмкіндігі |
9 |
Дербес деректерді қорғау |
Медициналық және қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратты өңдеу |
Денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді жария ету; дербес деректерді жеке мақсатта пайдалану; заңды негіздерсіз ақпаратты үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі |
10 |
Мүдделер қақтығысының алдын алу |
Қызметкерлердің туыстарына, таныстарына және өзге де мүдделі адамдарға қатысты сараптамалық рәсімдерге қатысуы |
Шешім қабылдау кезінде жеке мүдделіліктің болуы; мүдделер қақтығысын жасыру; сараптама комиссиясының мүшелеріне қысым көрсету мүмкіндігі |