МӘС шешіміне шағымдануға бола ма?
МӘС шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. Ол үшін адам немесе оның заңды өкілі тиісті уәкілетті органға шағым беруге құқылы.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті
МӘС шешіміне шағымдануға бола ма?
МӘС шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. Ол үшін адам немесе оның заңды өкілі тиісті уәкілетті органға шағым беруге құқылы.
Қозғалысы шектеулі халық топтары үшін объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісу (13-тармақ)
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Құрылыс кодексінің ережелеріне сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Сәйкестік туралы декларацияны келісу жөніндегі өкілет...
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (АӘҚ) көрсетуге лицензия алу үшін не қажет?
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге беріледі. Лицензия алу үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келу және қызметтерді көрсету үшін тиіст...
Мүгедектік туралы анықтаманы онлайн алуға бола ма?
Иә. Мүгедектік белгіленгеннен кейін оны растайтын анықтаманы электрондық үкімет арқылы электрондық түрде алуға болады. Қызмет тегін көрсетіледі.
Денсаулық жағдайы нашарлаған жағдайда МӘС-тен қайта өтуге бола ма?
Иә. Қағидаларда көзделген жағдайларда, оның ішінде тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесіне әсер ететін денсаулық жағдайы өзгерген кезде, мерзімінен бұрын қайта куәландырудан өтуге болады.
Мүгедектік әрқашан өмір бойына белгілене ме?
Жоқ. Мүгедектік белгілі бір мерзімге белгіленуі мүмкін. Мерзімі организм функциялары бұзылыстарының сипаты мен дәрежесіне, аурудың болжамына және заңнамада көзделген басқа да өлшемшарттарға байланысты айқындалады. Заңнамада белгіленген жағдайларда мүгедектік мерзімсіз белгіленуі...
Емделмейтін ауру кезінде мүгедектік алуға бола ма?
Жоқ. Аурудың емделмейтіні өздігінен жалғыз өлшемшарт болып табылмайды. МӘС кезінде ауру салдарынан туындаған организм функциялары бұзылыстарының тұрақтылығы мен айқындылық дәрежесі және тіршілік әрекетінің шектелуі бағаланады.
Операциядан кейін мүгедектік алуға бола ма?
Міндетті емес. Операция жасалуының өзі мүгедектікті белгілеуге негіз болып табылмайды. Ауру мен операцияның салдары, организм функцияларының тұрақты бұзылыстарының болуы және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі бағаланады.
Мүгедектік белгіленген жағдайда жұмыс істеуге бола ма?
Иә. Мүгедектіктің белгіленуі өздігінен еңбек қызметіне тыйым салуды білдірмейді. Еңбек қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі адамның денсаулық жағдайы, тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесі және кәсіби мүмкіндіктері ескеріле отырып бағаланады.