Емделмейтін ауру кезінде мүгедектік алуға бола ма?
Жоқ. Аурудың емделмейтіні өздігінен жалғыз өлшемшарт болып табылмайды. МӘС кезінде ауру салдарынан туындаған организм функциялары бұзылыстарының тұрақтылығы мен айқындылық дәрежесі және тіршілік әрекетінің шектелуі бағаланады.