Қозғалысы шектеулі халық топтары үшін объектінің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны келісу (13-тармақ)
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Құрылыс кодексінің ережелеріне сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті органға объектілердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде Сәйкестік туралы декларацияны келісу жөніндегі өкілеттіктер берілді.
Сәйкестік туралы декларация - құрылысы аяқталған объектінің заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және жобалық құжаттамаға сәйкестігін растайтын ресми құжат. Бұл құжат объектінің қауіпсіз пайдалануға дайын екенін куәландырады және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарын қоса алғанда, міндетті талаптардың орындалғанын растайды.
Сәйкестік туралы декларацияны келісу тәртібі
1) Өтініш беру
Өтініш қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы немесе Ақмола облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментіне тікелей беріледі. Мекенжайы: Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, А. Пушкин көшесі, 23-үй, 209-кабинет.
2) Өтінішті қарау
Мамандар ұсынылған өтініш пен құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) сәйкес 15 жұмыс күні ішінде қарайды.
3) Мамандардың объектіге баруы
Өтінішті қарау шеңберінде мамандар объектінің нақты жай-күйін тексеру және оның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін бағалау мақсатында объектіге барады.
4) Объектіні тексеру
Объектіге бару барысында оның қолжетімділік талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 154-бабында, ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі», ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер», сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де қолданыстағы нормативтік құжаттарында белгіленеді. Тексеру барысында, оның ішінде:
-объектіге іргелес аумақ пен объектіге дейінгі кіреберіс жолдардың қолжетімділігі;
-кіреберіс тобы;
-пандустардың, тұтқалардың және қолжетімділіктің өзге де элементтерінің болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;
-объектінің ішіндегі қозғалыс жолдарының қолжетімділігі;
-есік ойықтары, өткелдер және маневр жасау аймақтары;
-баспалдақтар, лифтілер, көтергіш платформалар және басқа да тік қозғалу -құралдары (болған жағдайда немесе қажет болған кезде);
-санитариялық үй-жайлардың қолжетімділігі;
-ақпараттық, визуалды және тактильді навигация құралдарының болуы;
-халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қызметтерді қауіпсіз әрі өз бетінше алу мүмкіндігі тексеріледі.
5) Тексеру нәтижесі
Объектіні тексеру нәтижелері бойынша объектінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды шығарылады.
6) Өтінішті қарау нәтижесі
Объект белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Сәйкестік туралы декларация келісіледі.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, анықталған сәйкессіздіктер көрсетіле отырып, уәжді бас тарту беріледі.
Декларацияны ұсынбас бұрын объектінің қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігін өз бетінше тексеру және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады. Қажет болған жағдайда жобалық шешімдерді жобалау ұйымымен алдын ала келісу ұсынылады. Бұл ретте ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» және ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» талаптарын ескеру қажет.