Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Көкшетау қаласының мүгедектігі бар азаматтары үшін азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
Іс-шараға Департамент басшысының міндетін атқарушы Искакова Г.Б., сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің басшысы Аймурзина К.Ж. қатысты.
Қабылдау барысында мүгедектігі бар азаматтар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі, сондай-ақ сырттай-проактивті куәландыруды жүргізу ерекшеліктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








