Полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

    1 / 2

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті нығайту бағытында тұрақты түрде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Кездесулер барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылық пен әдеп нормаларын сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану мәселелері түсіндіріледі.

    Сонымен қатар қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға, заңсыз сыйақы алуға және өзге де сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жол бермеу қажеттігі ескертіледі.

    Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, қызметтік жауапкершілігін арттыру және халықтың полицияға деген сенімін нығайту.

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары