2026 жылғы9 қазандаШығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Қизатовтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында 2026 жылдың9айында атқарылған жұмыстардың негізгі қорытындылары таныстырылды.
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен2122өтінішті қаралды. Олардың басым бөлігі еңбек қатынастарына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері еңбек заңнамасының 456 бұзушылығы анықталды. Еңбек инспекторлары 350 тексеру жүргізіп, заң талаптарының орындалуын бақылауға алды. Тексеру қорытындысы бойынша 212 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 19,6 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Өңірде өндірістік жарақаттану мәселесі де өзекті. Жыл басынан бері кәсіпорындарда 74 жазатайым оқиға тіркеліп, зардап шеккенадамдар саны -94. Оның ішінде 9 адам қаза тауып, 46-сы ауыр жарақат алған.Оқиғалардың негізгі себептері – жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.
Осыған байланысты жазатайым оқиғалар арнайы теркеліп, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Қазір кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану қаупін азайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Облыс аумағында жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, қазіргі күнде жалпы кәсіпорындар санының 95%-ы жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасады.
Еңбек инспекциясы жалақы берешегін өтеу бағытында да жұмыс жүргізуде. Жыл басынан беріжұмыскерлерге293,62 млн теңге қарыз төленіп, 964 адамның еңбек құқығы қорғалған. Алайда 30 қыркүйектегі жағдай бойынша екі кәсіпорынның 19 жұмыскералдында16,5 млн теңге жалақы берешегі бар.
Департамент еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды, жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды және өндірістегі қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.









