Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы Ж. Ракимов «ГМС Алтай» ЖШС өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары, сондай-ақ еңбек құқықтарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









