Алматыда 5 мыңнан астам адам психиатриялық кеңесті онлайн алды

    Алматыда 5 мыңнан астам адам психиатриялық кеңесті онлайн алды

    Биылғы 9 айда Алматыда 12 756 адам амбулаториялық психиатриялық көмекке жүгініп, 5 355 онлайн-консультация өткізілді.

    Ересектерге психиатрлар мен психотерапевттер 44 666 консультация көрсетті.
    Алматының штаттан тыс бас психиатры, Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Наби Есімов психиатриялық көмекті тұрғылықты жер бойынша және қашықтан көрсетуді дамыту маңызды екенін атап өтті.
    Балалар мен жасөспірімдер қызметінде 9 айда 17 303 консультация жүргізіліп, 443 бала алғаш рет динамикалық бақылауға алынды.
    Алматының штаттан тыс бас балалар психиатры Ольга Александрова психикалық бұзылыстарды ерте анықтау балаға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін айтты.

    Балалардағы аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтау үшін емханаларда M-CHAT скринингі енгізілген. Сонымен қатар мамандарды оқыту жалғасуда: маусым айында 201 маман mhGAP бағдарламасы бойынша даярланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары