Қала әкімі педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

    Қала әкімі педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

    Педагогтер үшін бұл мерекенің орны ерекше. Өңір – бар ғұмырын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арнаған ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туған жері.Бүгінде оның ізгі жолын заманауи педагогтер жалғастырып, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріп келеді.

    Қаланың білім беру жүйесінде 4 мыңнан астам адам еңбек етеді. Педагогтердің кәсіби шеберлігі мен еңбегінің нәтижесі жоғары көрсеткіштерден көрінеді. Облыстық кәсіби байқауларда 200-ден астам жүлделі орын иеленіп, республикалық деңгейдегі байқауларда жеңістерге жетуде. Оқушылар да пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

    Ерекше мақтанышымыз – №18 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Зинегүл Сергазина мен Жанат Кужубаева. Олар «Үздік педагог – 2026» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша қала командасы үздік олимпиадалық команда деп танылды.

    Салтанатты іс-шара барысында қала әкімі үздік педагогтерді атап өтіп, барша ұстаздарға күнделікті еңбегі, жоғары жауапкершілігі, шыдамдылығы және өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді.

    Қала әкімі педагогтерге кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, шығармашылық ізденіс және шәкірттерінің биік белестерден көрінуін тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары