«Узкая колея» ауданы – Қостанай қаласындағы ең көне аудандардың бірі

    «Узкая колея» ауданы – Қостанай қаласындағы ең көне аудандардың бірі. Бүгінде мұнда 3 мыңға жуық адам тұрады, 16 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – тұрғын алап қана емес, қаланың маңызды өнеркәсіптік аумақтарының бірі.

    Соңғы жылдары аудан біртіндеп жаңарып келеді. Аумағы бір гектардан асатын қараусыз қалған орман екпесін тазарту осы бағыттағы елеулі қадамдардың бірі болды. Аумақтан 400 тоннадан астам құрылыс және тұрмыстық қалдық шығарылып, қураған бұтақтар жиналды. Қауіпті және қураған ағаштар кесіліп, санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді.

    Бұл жұмысқа Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының 200-ден астам курсанты белсене қатысты. Қаламызды абаттандыруға көрсеткен көмегі мен қосқан үлесі үшін оларға алғыс білдіремін.

    Ендігі міндет – тазартылған аумақты осы қалпында сақтап, тұрғындардың демалыс орнына айналдыру. 2027 жылға қарай мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, жасыл желектер, балалар және спорт алаңдары, орындықтар қарастырылған сквер салу жобасы жоспарлануда.

    Ауданның тұрғын үй инфрақұрылымы да жаңарып келеді. 2025–2026 жылдары 10 мың шаршы метрден астам жол жабыны жөнделді. Сондай-ақ көшелерді жарықтандыру үшін 53 бағана мен 128 шам орнатылды.

    Бұдан бөлек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында футбол және воркаут алаңдары салынды.

    Тұрғындармен кездесу барысында бастамашыл топ өкілдері аудан үшін өзекті мәселелерді, соның ішінде балабақша салу және газдандыру мәселелерін де көтерді.

    Барлық өтініштер мен ұсыныстар жұмысқа алынды. Мұндай кездесулер қала тұрғындарының пікірін тікелей тыңдап, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары