Ардагер Михаил Подоляков 101 жасқа толды

    Қостанай қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Михаил Иванович Подоляковты 101 жасқа толған туған күнімен құттықтады.

    Қала әкімі өз атынан және барлық қостанайлықтардың атынан ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарының жылуы мен қамқорлығын тіледі.

    Михаил Ивановичтің өмір жолы – ерлікке, еңбекқорлыққа және туған қаласына деген адалдыққа толы өнеге. Соғыстан кейін ол 50 жылдан астам уақыт статистика саласында еңбек етіп, оның 30 жылында облыстық статистика басқармасын басқарды. Сонымен қатар 16 жыл бойы қалалық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етіп, аға буын өкілдерінің мүддесі мен игілігі жолында белсенді қызмет атқарды.

    Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ардагер көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болып, тұтас бір дәуірдің шежіресіне айналды. Оның өмір жолы бейбітшіліктің, адал еңбектің және адам төзімділігінің қадірін ұғындырады.

    Михаил Иванович Подоляков сынды азаматтар – Қостанайдың мақтанышы әрі тірі тарихы. Олардың еңбегі мен ерлігі әрдайым құрметке лайық. Ардагерлерге қамқорлық көрсету, олардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары