Құрметті Березовка ауылының тұрғындары!
Березов ауылдық округі әкімінің аппараты Березов ауылдық округінің 2027-2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын әзірлеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 150 бұйрығымен бекітілген "Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту жоспарын әзірлеу және бекіту әдістемесі" 2-тарауының 5-тармағына сәйкес болашақ жоспардың басым бағыттары мен іс-шараларын қалыптастыру үшін тұрғындардан ұсыныстар жинау жарияланады.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
Ұсыныстар осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде — 20.11.2026 бастап 05.12.2026 дейін қабылданады.
Қандай мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге болады:
* аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау;
* кентішілік жолдар мен көшелерді жарықтандыруды жөндеу және салу;
* сумен жабдықтау;
* әлеуметтік, спорттық және мәдени инфрақұрылымды дамыту;
* кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау;
* жергілікті маңызы бар өзге де өзекті мәселелер.
Ұсыныстар беру тәсілдері:
1.Қолма-қол (жазбаша түрде): ШҚО Глубокое ауданы Березовка селосы, Б.Момышұлы көшесі, 14а мекенжайы бойынша Березовка селолық округінің әкімдігіне.
2.Электрондық пошта арқылы: ресми мекен-жайға [email protected] "даму жоспарына ұсыныстар" белгісімен.
3.Әлеуметтік желілердегі / мессенджерлердегі ресми аккаунттар арқылы: BEREZOVKA_AKIMDIGI" Глубокое ауданы Березовка ауылдық округі әкімінің аппараты " ММ; https://www.threads.com/@berezovka_akimdigi?xmt=AQG0lOWCOUlAF1fmNbctW6almopAVncQjQRQnjqHWWvTvNU
Ұсыныс берген кезде ықтимал кері байланыс үшін тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атыңызды (бар болса), байланыс телефоныңызды және бастаманың мәнін көрсетуіңізді сұраймыз.
Барлық келіп түскен ұсыныстарды жұмыс тобы Березовка ауылдық округінің даму жоспарының жобасын қалыптастыру кезінде қарайтын болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









