Қостанайда жалдамалы тұрғын үй қоры 832 пәтерге жетті

    2024 жылдан бастап Қостанай қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына жалға беру мақсатында дайын пәтерлер сатып алынуда. Мұндай мүмкіндік тиісті қағидаларға енгізілген өзгерістерден кейін пайда болды. Дайын тұрғын үйді сатып алу жалдамалы тұрғын үй қорын қысқа мерзімде толықтыруға және мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    2022–2024 жылдары қалада жалпы саны 371 пәтерді құрайтын төрт жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2024–2025 жылдары 328 дайын пәтер сатып алынды.

    2026 жылы жалпы құны 2,8 млрд теңге болатын 125 пәтер сатып алу жоспарланған. Оның 64-і сатып алынып, қазіргі уақытта «Отбасы банк» арқылы бөлу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін тағы 61 пәтер сатып алу көзделген.

    2022–2026 жылдардағы жұмыстардың қорытындысы бойынша Қостанай қаласының жалдамалы тұрғын үй қоры 832 пәтерді құрайды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі мақсат – тұрғын үй кезегін кезең-кезеңімен қысқартып, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай қаласының әкімдігі" жаңалықтары