ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ – ЖОҒАРЫ БАҒА

    Батыс Қазақстан облысының білім беру саласында жемісті еңбек етіп, шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына жол ашып жүрген ұстаздардың еңбегі жоғары бағаланды.
    Тасқала ауданындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Шәкірова Эльмира Мәлікқызы білім беру саласына қосқан үлесі мен кәсіби еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан «Шапағат» медалін алды.
    2000 жылдан бері ұстаздық етіп келе жатқан Эльмира Мәлікқызы республикалық кәсіби байқауларда жүлделі орындарға ие болып, NXplorers бағдарламасының тренері атанған. Оның шәкірттері де республикалық пән олимпиадалары, ғылыми жобалар мен NXplorers жобаларында жүлделі орындардан көрініп келеді.
    Ал Сырым ауданындағы Қадыр Мырзалиев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанадилова Венера Ғұбайдоллақызы білім беру саласындағы кәсіби еңбегі үшін ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісін алды.
    Венера Ғұбайдоллақызы да республикалық кәсіби сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, шәкірттерінің республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлдегер атануына үлес қосып жүрген білікті педагог.
    ✨ Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған инвестиция. Білікті педагогтің жетістігі – шәкіртінің жеңісімен жалғасып, білім сапасының нақты нәтижесіне айналады.
    Ұстаздарымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, шәкірттеріңіздің жеңісі еселене берсін!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары