Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданына жұмыс сапары аясында білім беру саласы қызметкерлерінің тың жобалары және шәкірттердің жетістіктерімен танысты.
Мұғалімдер цифрлық технология мен жасанды интеллектінің көмегімен дайындалған бағдарламалардың оқу үдерісінде тиімді қолданылып жатқаны жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Педагогтер виртуалды оқыту түрлері бойынша дайындаған «Qazaq chess шахматтағы ертегі кейіпкерлері», «Қазақ тілін оқытудағы жаңа технологиялар мен виртуалды тәжірибе», «Жасанды интеллектіні қолдау арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту», Zerek bala, «BioBone – денсаулыққа арналған эко-бұйым» және тағы басқа әдістемелік жобалары шәкірт қызығушылығын арттыруға және тақырыпты терең талдауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Педагогтер мен шәкірттердің қолөнер туындылары да көрмеге қойылды. Бастауыш сынып оқушылары шахмат ойынындағы негізгі әдіс-тәсілдерді көрсетіп, ой-пікірін ағылшын тілінде еркін жеткізді.
Облыс әкімі ұстаздар қауымының уақыт талабына сай бастамаларын оң бағалап, дарынды шәкірттерге салмақты сенім білдірді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі





