МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ – ҰСТАЗ ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ

    Қаратөбе ауданы Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Алмажан Жасұланқызы Жұмағалиева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
    Мемлекеттік награданы ұстазға Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті табыстады.
    Бұл жоғары марапат – ұстаздың білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі мен кәсіби шеберлігіне берілген лайықты баға.
    Алмажан Жасұланқызын мәртебелі марапатымен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, шәкірт тәрбиелеу жолындағы қызметіңіз әрдайым абырой мен биік жетістіктерге ұласа берсін!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары