"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Қалыбай Ақерке Бекқызының «Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің негізгі талаптары» тақырыбындағы мақаласы «Шу өңірі» («Шуская долина») газетінде жарияланды.
Мақалада мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларын айқындау, сондай-ақ осы салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің негізгі талаптары туралы ақпарат берілген.
Материалда азаматтардың әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктері туралы түсінікті әрі қажетті ақпарат қамтылған.









