
Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай міндетті шарттардың бір мезгілде болуы негіз болып табылады:
- организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы;
- тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы);
- әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіз болып табылмайды.
Бірінші топтағы мүгедектікті белгілеу
Аурулардан, жарақаттардан немесе кемістіктерден туындаған организм функцияларының тұрақты едәуір немесе айқын бұзылуы тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соққан кезде бірінші топтағы мүгедектік немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар баланың санаты белгіленеді:
- үшінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету;
- үшінші дәрежедегі жүріп-тұру;
- үшінші дәрежедегі еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
- үшінші дәрежедегі оқу;
- үшінші дәрежедегі бағдарлай білу;
- үшінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау;
- үшінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау.
Екінші топтағы мүгедектікті белгілеу
Организм функцияларының аурулардан, жарақаттардан немесе кемістіктерден туындаған тұрақты білінетін бұзылуы тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің айқын шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соққан кезде екінші топтағы мүгедектік немесе екінші топтағы мүгедектігі бар баланың санаты белгіленеді:
- екінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету;
- екінші дәрежедегі жүріп-тұру;
- екінші дәрежедегі еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
- екінші дәрежедегі оқу;
- екінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу;
- екінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау;
- екінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау.
Үшінші топтағы мүгедектікті белгілеу
Аурулардан, жарақаттардан немесе кемістіктерден туындаған организм функцияларының тұрақты шамалы бұзылуы тіршілік-тынысының мынадай санаттарының бірінің шамалы шектелуіне не олардың ұштасуына әкеп соққан кезде үшінші топтағы мүгедектік немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар баланың санаты белгіленеді:
- бірінші дәрежедегі өзіне-өзі қызмет көрсету;
- бірінші дәрежедегі жүріп-тұру;
- бірінші дәрежедегі еңбек қызметі (еңбек ету қабілеті);
- бірінші дәрежедегі оқу;
- бірінші дәрежедегі айналасын бағдарлай білу;
- бірінші дәрежедегі қарым-қатынас жасау;
- бірінші дәрежедегі өзінің мінез-құлқын бақылау.
7 жасқа дейінгі балаларға мүгедектікті белгілеу
Аурулармен, жарақаттардың салдарымен немесе ақаулармен шартталған организм функцияларының тұрақты орташа, айқын немесе едәуір, қатты білінетін бұзылуы өзіне-өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру, оқу, бағдарлана білу, қарым-қатынас жасау, ойын және танымдық қызметке, өзінің мінез-құлқын бақылау, қимыл белсенділігі қабілетінің орташа, айқын немесе қатты білінетін шектелуіне әкеп соққан жағдайда 7 жасқа дейінгі балаға мүгедектік белгіленеді.









