
Мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз, ал ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін белгіленетін жағдайлар
Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес, жасы он сегізден асқан адамдарға мүгедектік тобы және (немесе) КЕА дәрежесі қайта куәландыру мерзімінсіз және (немесе) ЖЕА дәрежесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толғанға дейін мынадай жағдайларда белгіленеді:
1) Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесіне (бұдан әрі – Қалпына келмейтін анатомиялық кемістіктер тізбесі) сәйкес;
2) организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, оперативті емдеу және/немесе органдардың трансплантациясын қоса алғанда, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;
3) осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген зейнет жасындағы адамдарға оңалту болжамы қолайсыз болған кезде.







