"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
Бүгін Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлының қатысуымен семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау және дін саласындағы заңнамалық талаптарды түсіндіру.
Семинар барысында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамдағы рухани тұрақтылық пен татулықты сақтау, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








