«БАТЫС CUP»: ҚОС ДИРЕКТОР – ОБЛЫСТЫҚ ДОДА ЖЕҢІМПАЗЫ!

    «БАТЫС CUP»: ҚОС ДИРЕКТОР – ОБЛЫСТЫҚ ДОДА ЖЕҢІМПАЗЫ!
    Орал қаласында мектеп директорлары арасында өткен облыстық «Батыс CUP» дебат турнирінде Казталов ауданының намысын қорғаған қос басшы жоғары нәтиже көрсетті.
    Атап айтқанда, Қараөзен мектеп-лицейінің директоры Уәлихан Ерғалиұлы мен А.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры Марал Әнуарбекқызы зияткерлік сайыста өзара үйлесімділік пен жоғары дайындықтың үлгісін көрсетті.
    Облыстың 12 командасы қатысқан тартысты турнирде қос директор шешендік шеберлігін, ұшқыр ойы мен дәлелді пікір айта білу қабілетін танытып, І орынды иеленді!
    Бұл жеңіс – басшылық қызметпен қатар, үздіксіз ізденіс пен интеллектуалдық дамуға басымдық беретін заманауи білім көшбасшыларының жетістігі.
    І ОРЫН – ОБЛЫС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
    Ендігі кезекте жеңімпаздар республикалық кезеңде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.
    Қос директорды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Республикалық додада сәттілік тілеп, жаңа биіктерден көрінулеріне тілектеспіз! 👏

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары