Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ернар Нұрболұлы Жылысбаев Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және олардың туындауына жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерді орындау барысында заңдылық пен ашықтық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік таныту қажеттігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









