Азаматтарды жеке қабылдау

    Азаматтарды жеке қабылдау

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы және департамент басшысының орынбасары Маканов Арман Мұратбекұлы азаматтарды күнделікті жеке қабылдайды.

    Қабылдау барысында тұрғындардың зейнетақы тағайындау, мүгедектікті рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қорғау саласына қатысты басқа да мәселелері қаралады.

    Азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында қажетті түсіндірулер беріліп, көтерілген мәселелерді шешудің нақты жолдары ұсынылады.

    Халықпен ашық байланыс орнату, азаматтардың өтініштерін мұқият қарау және олардың мәселелерін уақтылы шешуге ықпал ету – департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары