Жеке құрамға семинар сабақ өткізілді.

    Жеке құрамға семинар сабақ өткізілді.

    Қызылорда қ. Полиция басқармасының қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сталкинг және осы бағыттағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында заңнамадағы өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен жеке қауіпсіздігін қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен заңсыз қудалаудың алдын алу екені атап өтілді.

    Шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайту бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңыздылығы түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары