
“Арал Газ” ЖШС-не тиесілі автогаз құю станцияларының объектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тексеру барысында жедел ықпал ету шараларының орындалуына бақылау жүзеге асырылды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында тиісті АГЗС объектілері демонтаждалды.
Демонтаж жұмыстарының жүргізілуі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау, авариялық жағдайлардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бағытындағы шаралардың бірі болып табылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау - бұл тек заңнамалық талап қана емес, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігінің кепілі.








