Жылу беру маусымында Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

    Жылу беру маусымында Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде.

    Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көміртек тотығымен улану жағдайларының алдын алу мақсатында датчиктер орнатылуда.

    Аталған жұмыстар аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың тұрғын үйлеріне орнату үшін көміртек тотығын анықтайтын датчиктер сатып алынды. Қазіргі таңда датчиктерді тұрғын үйлерге орнату жұмыстары жүргізілуде.

    Көміртек тотығы түссіз әрі иіссіз болғандықтан, оны адамның сезім мүшелері арқылы дер кезінде анықтау мүмкін емес. Осы ретте арнайы датчиктер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қауіпті деңгейдегі көміртек тотығы анықталған жағдайда құрылғы дыбыстық белгі беріп, тұрғындарға қауіп туралы дер кезінде ескертуге мүмкіндік береді.

    Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды жылыту пештері мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, пештер мен мұржаларды уақытылы тазалауға және ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары